Цели института

Институт  тақырыбы:

«Білім берудің жаңартылған мазмұны жағдайында білім мен тәрбие берудің педагогикалық – психологиялық аспектілерін негізге ала отырып, кәсіби дағды мен  педагогикалық дарыны қалыптасқан, шығармашылықпен жұмыс жасайтын жаңа формация педагогын қалыптастыру»

Институт жұмысының негізгі  мақсаты:

 Педагогтардың санатына сай  олардың шығармашылық әлеуетін біліктілікті арттыру жағдайында дамыту, нәтижеге бағытталған құзіретті білім беруді және мұғалімдердің кәсіби тұрғыдан өсуін ұйымдастыру арқылы  тұлғаның  өзіндік даму траекториясын таңдап алуына бағыт беру.

Міндеттері:

  • Үздіксіз біліктілік арттыру үдерісіне білім беру жүйесінің міндеттеріне және педагогтардың сұраныстарына сәйкес оқытудың заманауи әдістері мен формаларын енгізу;
  • Облыстық, аймақтық, республикалық, халықаралық білім беру ұйымдарымен қарым–қатынасты нығайту;
  • Институттың профессор–оқытушы құрамының, мамандарының үздіксіз кәсіби деңгейінің өсуін қамтамасыз ету, шығармашылықпен жұмыс жасауына қолайлы жағдайлар жасау;
  • Курс тақырыптарын заман талабына сай таңдап, біліктілікті арттыру курстарының жаңа форматта өткізілуін қамтамасыз ету;
  • Оқытудың инновациялық технологиялары мен интерактивтік белсенді оқыту әдістерін білім беру үдерісіне батыл түрде енгізу;
  • Заманауи мектепті дамыту жағдайында мұғалімдердің кәсіби құзіреттілігін арттыру.

.