История института

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Филиалы 

Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің  біліктілігін  арттыру  институты

Қазіргі заманғы білім беру кеңістігіндегі жаңалықтарды жүзеге асыратын және ұстаздардың кәсіби сауаттылығын шыңдаумен қатар, оларды шығармашылық талпынысқа жетелейтін өңірдегі білім беру саласының негізгі буыны Атырау облысы  бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты болып табылады.

Облыстық халық ағарту бөлімінің жанынан 1948 жылы 10 ақпанда Қазақ ССР Министрлер Кеңесі қаулысымен Қазақ ССР Ағарту Министрлігінің ұсынысымен мұғалімдер білімін жетілдіру институты ашылды.

Білім беру саласындағы реформалардың нәтижесінде 2012 жылы 17 ақпанда Қазақстан Республикасы Үкіметінің №232 бұйрығымен  Атырау қаласында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамы филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты болып  2012 жылдың қазан айында қайта құрылды.

Институтты басқарған директорлар:

  • Жанаев Н. (1948 жылы)
  • Құдайбергенов Уәлит Алпанұлы (1948-1950 жылдары)
  • Өтегенов Нұрбақыт (1950-1951 жылдары)
  • Темірғалиев Құспан Еспендіұлы (1951-1952 жылдары)
  • Жанахметова Фатима Молдағалиқызы  (1953-1954 жылдары)
  • Мусагалиева Сара Махмутқызы (1954-1955 жылдары)
  • Байбосынов Дүйсенғали (1956-1982 жылдары)
  • Қаженбаев Есет Қаженбайұлы (1983-1991 жылдары)
  • Төлепбергенов Төлеубай  Төлепбергенұлы  (1991-1994 жылдары)
  • Шаженбаев Дайеш Шаженбайұлы (1994-1995 жылдары)
  • Нагимов   Шахман   Нағымұлы (1995-1998 жылдары)
  • Сарсенова Нұрзила Сарсенқызы (1998-2012 жылдары)
  • Галимжанова Маржан Анесовна (2012 жылдың қазан айынан күні бүгінге дейін)