Білім беруді трансформациялаудың өзекті бағыттары

26 мамыр күні «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты педагогикалық қызметкерлердің әдістемелік, ғылыми-зерттеу және инновациялық қызметін жандандыру, педагогтің кәсіби деңгейін арттыру, озық педагогикалық тәжірибені анықтау және насихаттау, стандарттау жағдайында заманауи білім беру саясатының негізгі міндеттерін айқындау мақсатында «Білім беруді трансформациялаудың өзекті бағыттары» тақырыбында білім беру қызметкерлерінің облыстық педагогикалық оқуларын өткізді.
Педагогикалық оқуларға Бастауыш (қазақ, орыс) сынып мұғалімдері, қазақ тілі мен әдебиеті (қазақ, орыс сыныптары) пәндері, орыс тілі мен әдебиеті пәндері, ағылшын тілі пәні, тарих, құқық негіздері және география, өлкетану пәндері, химия және биология пәндері, математика, физика және информатика пәндері, мектеп-интернат, түзету педагогикасы, психология педагогтері қатысты. 8 секция жұмысына 114 педагог қатысты.
Белсенді қатысқан облыстың үздік, шығармашыл педагогтарын «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты, Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі профессор Ғалымжанова Маржан Анесқызы марапаттады.
Педагогикалық оқуларға қатысушыларға Атырау облысы білім басқармасының және “Қазақстан Білім және ғылым қызметкерлері салалық кәсіподағының Атырау облыстық ұйымы” қоғамдық бірлестігінің Құрмет грамоталары, институттың Алғыс хаттары, Құрмет грамоталары мен I, II, III дәрежелі дипломдар табысталды.
Үздік жұмыстар «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының «Хабаршы» Республикалық ғылыми-әдістемелік журналында жарияланады, материалдар жинағының электрондық нұсқасы дайындалып, институт сайтына орналастырылады.

Печать

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *