Дене тәрбиесі пәнінің мұғалімдеріне арналған педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсы

Қазақ және орыс тілдерінде оқытатын орта білім беру ұйымдарының 5-9 сыныптарының дене тәрбиесі пәнінің мұғалімдеріне арналған «Дене тәрбиесі пәні мұғалімдерінің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту» тақырыбында педагогика кадрларының біліктілігін арттыру онлайн курсы 2020 жылдың 22 маусымда басталды.
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы»АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты ұйымдастырған курсты институттың «Білім беру процесін психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу» кафедрасының аға оқытушысы Ихсанов Ханат Уалитханұлы жүргізуде.
Курс барысында тренинг, дәріс, семинар, вебинар, дөңгелек үстел, таңдау бойынша сабақ, практикалық сабақтар, шағын-сабақ таныстырылымдарын өткізу жоспарланған.

Печать

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *