Латын әліпбиін оқыту кабинеті ашылды

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Басқармасының тапсырмасына сәйкес «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты базасында облыс мұғалімдерін қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру және жаңа әліпбиді үйрете отырып, педагогтерге әдістемелік көмек көрсету мақсатында Латын графикасы негізіндегі жаңа қазақ әліпбиін үйренуге арналған кабинет жабдықталды.
Кабинетте Латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиі, Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына 2025 жылға дейін кезең-кезеңмен көшіру жөніндегі республикалық іс-шаралар жоспары және «Латын әліпби-рухани жаңғырудың жаңа белесі» тақырыбында кітап көрмесі жасақталды. Оқыту семинарлары мен тренингтер, біліктілік арттыру курстары ұйымдастырылатын кабинетте жоспарлы түрде латын әліпбиі кеңінен насихатталатын болады.

Печать

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *