ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОНЛАЙН ТАҒЫЛЫМДАМА

7-23 сәуір аралығында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагоикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директоры, п.ғ.к., Халықаралық академиясының академигі, профессор Ғалымжанова Маржан Анесқызы, институт қызметкерлері Әлім Гүлмира Әлімқызы, Юсупова Индира Төлегенқызы «Edu. Travel Agency» Жоғары Білім институты ұйымдастырған «Жоғары білім. Сандық трансформация» тақырыбында Халықаралық онлайн тағылымдамадан өтті.
Чехия, Англия, АҚШ, Германия, Италия және т.б. әлемнің әр түрлі университеттерінен профессор-оқытушылар құрамы дәріс берді.
Жаһандық цифрлық сауаттылық пен трансформация, индустрияның әр түрлі салаларындағы мәселелерді шешуде білім алушылар құрамын ұйымдастыру, халықаралық инновациялық қоғамдастықты дамыту, пандемиядан кейінгі әлемде белсенді, аралас және өзара байланысты оқытуды жоспарлау туралы тақырыптар қарастырылды.
Шет елдердегі жоғары білімнің цифрлық трансформациясы бойынша тәжірибе алмасып, кәсіби даму жолындағы шығармашылығы үшін қатысушыларға халықаралық сетификаттар табысталды.

Печать

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *