ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының ұжымы атынан 2020 жыл қорытындысымен облыстық жалпы білім беру  мекемелерінің мұғалімдерін марапаттарымен құттықтаймын.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Дарын» республикалық  ғылыми – практикалық орталығының және  «Білімді дамыту мен зерттеу  Ассосациясы» заңды тұлғалар бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен Республикалық «Білім беру ісінің үздік педагогі-2020» байқауының жеңімпаздары  М.Бекмұхамбетов атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі ҚР «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісінің иегері Бекбусинова Жумажан Разимовна мен  №6 М.Мөңкеұлы атындағы орта мектептің  оқу ісінің меңгерушісі Бақтығожина Альфина Сағадатовнаны және «Жылдың үздік ұстазы-2020» атты республикалық байқауының жеңімпазы Амангелді атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі  Ибраева Жанарды, №13 Дүйсенғали Байбосынов атындағы орта мектептің  тарих пәні мұғалімі  Утеулиев Жұманы, №36 мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі  Ламғалиева Бибинурды сонымен қатар «Жас маман-2020» байқауының жеңімпазы Әміржанова Айзаданы  І дәрежелі диплом марапаттарымен құттықтаймын.

Алдағы уақытта  Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еліміздің дамуы жолындағы еңбектеріңізге шығармашылық табыстар мен сәттіліктер тілеймін.

Ізгі ниетпен, институт директоры М.Ғалымжанова

 

Печать

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *