Белсенді оқу арқылы оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту

26 сәуір күні «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты 2021 жылдың Жедел іс-шаралар жоспарына сай «Белсенді оқу арқылы оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік оnline конференция жұмысын өткізді.
Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция білім беру үдерісінде оқушылардың интеллектуалдық, коммуникативтік дағдыларын дамытуда және білім алушылардың сөйлеу мәдениетін жетілдіруде педагогтардың кәсіби құзіреттілігін арттыру, инновациялық идеяларды, әдіс-тәсілдерді қолдану, озат тәжірибелерімен алмасу мақсатында ұйымдастырылды.
Конференция жұмысына еліміздің барлық өңірлерінің жоғары оқу орындарынан ғалым-педагогтар, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалдарының қызметкерлері, Техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің оқытушылары, жалпы орта білім беру ұйымдарының педагогтары қатысып, 220 баяндама жұмысы қабылданып, сарапталып 20 педагогтың баяндамасы тыңдауға ұсынылды.
Инновациялық жоба жұмыстарымен, тәжірибелерімен бөлісіп, белсенді қатысқан педагогтарға «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының Алғыс хаты беріліп, қатысушыларға сертификат табысталды. Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысының материалдар жинағы дайындалды.
Конференцияға қатысушылар кері байланыс жасап, конференция жұмысы жөнінде өз лебіздерін білдірді.

Печать

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *