«Ғылым мен білімнің интеграциясы: мәселелері мен болашағы»

10 маусым күні «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты ғылыми-білім беру интеграциясының дамуына ықпал ету, білім беру және ғылыми ынтымақтастықты дамыту, қазақстандық білім берудің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында «Ғылым мен білімнің интеграциясы: мәселелері мен болашағы» тақырыбындағы оnline халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысын өткізді.
Конференция «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор, Халықаралық Ақпараттандыру Академиясының академигі Ғалымжанова Маржан Анесқызының алғысөзімен басталды.
«Инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар» кафедрасы конференция жұмысын ұйымдастырып, кафедраның аға оқытушылары Куракова Роза Нысангалиевна және Ажигулова Майя Салауатовна жүргізді.
Қырғыз Республикасы, Ош қаласы Ош мемлекеттік университетінің филология ғылымдарының докторы, профессор Орыс Филологиясы факультетінің аға оқытушысы Сабирова В.К., Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті, саясаттану магистрі Бадел А.Б., М.Әуезов атындағы ОҚМУ «Жалпы педагогика және музыкалық білім» кафедрасының профессоры, педагогика ғылымдарының докторы Алметов Н. Ш., Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінің докторанты Кошербаев Р.Н., «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалдары Алматы, Жамбыл, Түркістан, БҚО, Ақтөбе облыстары, Алматы және Шымкент қалалары бойынша ПҚБАИ қызметкерлері, орта білім беру ұйымдарының педагогтары қатысып өзара іс-тәжірибелерімен бөлісті. Конференция соңында қаралған мәселелер бойынша ұсыныстар қабылданды. Конференция жұмысына белсене қатысқан педагогтар институттың Құрмет Грамотасымен Алғыс хатымен марапатталып, сертификаттар табысталды.

Печать

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *