“Қашықтықтан оқытудағы педагогикалық тәсілдер мен бағалау жүйесі”

Қашықтықтан оқытуды ұйымдастыруда әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану, мұғалімдердің білім беру жүйесінде критериалды бағалауды қолдану тұрғысынан кәсіби құзыреттіліктерін арттыру, нақты тиімді кері байланыс ұсыну мен сыни рефлексия жасау бойынша педагогикалық шеберліктерін жетілдіру бағытында 2020 жылдың 17 қыркүйегінде «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілгін артыру институтының «Білім беру процесін психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу» кафедрасының меңгерушісі Эльмира Торебекова облыс білім беру мекемелерінің бастауыш сынып мұғалімдерімен «Қашықтықтан оқытудағы педагогикалық тәсілдер мен бағалау жүйесі» тақырыбында семинар өткізді.
Семинар жұмысына Махамбет ауданы, Қызылүй орта мектебінен Жұмалина Сүйікті, Жылыой ауданы № 8 орта мектебінен Қожаниязова Қарлығаш, № 21 орта мектебінен Муханова Гульназ, № 8 орта мектебінен Ондасова Жансая, № 1 орта мектебінен Абенова Бибинур қатысты.
Олар, қашықтықтан оқытуда тапсырмалар құрастыру және қалыптастырушы бағалау, кері байланыс беру жолдары, жаңартылған білім беру мазмұны аясында бастауыш сынып оқушыларының уәжін қалыптастыру негізі мәселелері бойынша өз пікірлерімен бөлісіп, іс тәжірибелерін ортаға салды.

Печать

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *