Қош келдіңіздер!

Құрметті әріптестер!

Сіздермен «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының сайтында жүздескенімізге қуаныштымын!

Бұл сайт сіздерге институттың бүгінгі мақсаттары мен межелері туралы кеңінен ақпарат алуды ұсынады.

Бүгінгі таңда облыстың білім беру жүйесіне әлемдік және қазақстандық озық іс-тәжірибелерді енгізу арқылы жоғары сапалы білім беруді қамтамасыз ету мақсатында филиал қызметкерлері шығармашылықпен еңбек етуде.

Институттың профессорлық-оқытушылық құрамы кәсіби тәжірибесімен білім беру мазмұнын жаңартуда отандық, әлем тәжірибесі негізінде облыстың педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыруда. Сонымен қатар, облыс педагогтарына «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ арқылы институттымыз Назарбаев зияткерлік мектебі мен Ұлыбританияның Кембридж университеті оқытушыларымен бірігіп әзірлеген бағдарлама бойынша Үшінші деңгейлі біліктілікті арттырудың 3 айлық курстарын өтікізіп, ҚР Білім және ғылым министрлігінің сертификаттары табысталуда.

Құрметті әріптестер, сайт арқылы Сіздермен байланысымызды нығайта отырып, ой-өрісі кең, жан-дүниесі бай, ұлттық менталитеті жоғары, қайталанбайтындара тұлға тәрбиелеуде елеулі жұмыстар атқаратынымызға сенімдімін.

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы

Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің

біліктілігін арттыру институты директоры,

Педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор,

Халықаралық Ақпараттандыру Академиясының академигі

Галимжанова Маржан Анесқызы

Печать

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *