On-line біліктілік арттыру курсы басталды».

8 маусым күні «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы»АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты Қазақ және орыс тілдерінде оқытатын орта білім беру ұйымдарының 5-9 сыныптарының дене тәрбиесі пәнінің мұғалімдеріне арналған «Дене тәрбиесі пәні мұғалімдерінің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту» тақырыбында онлайн курсын бастады. Курс мақсаты – белсенді формаларды, әдістер мен тәсілдерді, оқытудың және білім берудің жаңа технологияларын пайдалану арқылы білім беру бағдарламаларын жаңарту контексінде қазақ және орыс тілдеріндегі негізгі орта білім беру ұйымдарының 5-9 сыныптарындағы дене тәрбиесі мұғалімдерінің кәсіби және әдістемелік дағдыларын қалыптастыру және дамыту болып табылады. Курс жетекшісі институттың «Білім беру процесін психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу» кафедрасының аға оқытушысы Ихсанов Ханат Уалитханұлы. #Атырау2020 #АтырауӨрлеу #БіліктіліктіАрттыруҰлттықОрталығы #АтырауИнститут #АтырауЖаңалықтар #АтырауОnlineКурс #БізБіргеміз

Печать

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *