ZOOM платформасы арқылы курстар жалғасуда

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында 2020 жылдың 07-18 қыркүйек аралығында оқу бағдарламасын жаңарту және критериалды бағалау жүйесін енгізу мәнмәтінінде мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру мақсатында «Химия» және «Физика» пәндері бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курсы ZOOM платформасы арқылы онлайн форматта өткізілуде.

Курс барысында жаңартылған жалпы білім беру бағдарламасының маңыздық құрылымдық ерекшеліктеріне назар аударуда, соның ішінде «Тиімді оқыту және оқу тәсілдеріне», «Критериалды бағалау қағидаттарына» жаңартылған оқу бағдарламасы аясындағы педагогикалық тәсілдерге кеңірек тоқталуда.

Курстарда Ақтөбе облысы бойынша ПҚ БАИ тренерлері жетекшілік етуде. Химия пәнінен курстың тренері «Инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар» кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к. Давлеткалиева Елизавета Султановна, физика пәнінен “Инновациялық технологиялар және жаратылыстану-ғылыми (гуманитарлық) пәндерді оқыту әдістемесі” кафедрасының аға оқытушысы, техника ғылымдарының магистрі Изтлеуова Акмарал Актамбаевна өткізіп жатқан курстар барысында тыңдаушылар әр сабаққа белсене қатынасуда.

Печать

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *