Астана күніне орай мерекелік шара

6 шілде күні «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты мен Атырау облыстық тарихи-өлкетану мұражайы астана күніне орай «Мәңгілік елдің мәңгілік астанасы» тақырыбында бірлескен шара өткізді.
Салтанатты шараға институт қызметкерлері, курс тыңдаушылары және мұражай қызметкерлері қатысты.
Институт директоры Ғалымжанова Маржан Әнесқызы және Атырау облыстық тарихи-өлкетану мұражайы директорының орынбасары Ғазимова Сая Халитқызы шараға қатысушыларды астана күнімен құттықтады.
Курс тыңдаушылары арасынан Атырау қаласындағы №2 Ж.Нәжімеденов атындағы орта мектептің мұғалімі Ибрашев Мойнах Кибатуллаевич мерекелік ыстық лебізін жолдады.

Печать

Leave a Reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *