«Ауыл мектебі–ел бесігі» облыстық байқауының Е Р Е Ж Е С І

І. Жалпы ережелер
Осы ережелер «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамы филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты ұйымдастыруымен жалпы білім беретін ауыл мектептерінің пәндер мұғалімдері арасында өткізілетін «Ауыл мектебі-ел бесігі» байқауының мәртебесін, мақсаттары мен міндеттерін, өткізу тәртібін айқындайды.

ІІ. Байқаудың мақсаты мен міндеттері
Байқаудың мақсаты: облыстың білім беру ұйымдарының педагогтерін қолдау, үздік педагогтерді анықтау, ауыл мұғалімдерінің қоғамдағы беделін арттыру, шығармашыл мұғалімді анықтау, қолдау көрсету.
Міндеттері:
-ауыл мұғалімдерінің кәсіби мәртебесін көтеру;
-мұғалімдерді зияткерлік және шығармашылық жұмыс түрлерін ізденуге ынталандыру, олардың жаңа идеяларды жүзеге асыруына түрткі болу;
-заманауи педагогикалық тәжірибені жетілдіруге бағытталған инновациялық технология мен әдістемені кеңінен таратуға ықпал ету;
-білім алушыларды оқытудың сапасын арттыруға септігін тигізетін үздік әдістемелік жұмыстарды насихаттау.
ІІІ. Байқауға қатысушылар
Байқауға барлық ауыл мектептерінің пән мұғалімдері қатыса алады.
Қатысушылардың педагогикалық өтілдері ескерілмейді.
ІV. Байқауды ұйымдастыру мен өткізу
Байқау шарттары:
1.1.«Ауыл мектебінің бейнесі» тақырыбында 5-7 минуттық бейнебаян дайындау. Бейнебаян білім беру ұйымы тарихы, кешегісі, бүгіні және ертеңгісі туралы болуы керек.
1.2.«Педагог мәртебесін көтерудегі менің педагогикалық идеяларым» атты 2 беттен аспайтын эссе жазуы тиіс. (WORD редакторында «Times New Roman» 14 шрифт, жоларалық-1.5, сол жақтан 2 см жол.). Эсседе еліміздегі педагог мәртебесін көтерудің инновациялық идеялары көрініс табуы тиіс. 
1.3. «Үздік әдістемелік жұмыс». Байқауға педагог оқу тиімділігін арттырудағы кретивті, әдістемелік бағыттағы шығармашылық жұмыстарын ұсына алады.
Байқауға қатысу үшін өтініш пен оған тиісті материалдар ағымдағы жылдың 30 қарашаға дейін қабылданады.
Байқауға ұсынылған материалдар электронды түрде берілуі тиіс.
Байқау мерзімінен кейін тапсырылған материалдарды байқау комиссиясы қарастырмайды және олар қайтарылмайды.
Байқауға қатысушылардың құрамы өтініштер негізінде айқындалады.
Барлық материалдар мен тапсырмалар 5 балдық жүйемен бағаланады
Байқаудың электрондық материалдарын, бейнежазбасын 2021 жылдың 30 қарашада дейін мына электрондық 2021.konkurs@inbox.ru поштасына жіберуіңізді сұраймыз.
Байланыс телефондары:
Торебекова Эльмира Абсематовна- 8775 712 06 02.
Ермагамбетова Алмагуль Калидоллаевна-8701 148 43 20.

Печать

Leave a Reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *