АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Құрметті әріптестер!

Бүгінгі күні цифрлық технология мен адам қызметінің барлық саласын цифрландырудың жылдам дамуымен байланысты STEM білім беру маңызды және өзекті мәселе болып отыр, осыған орай «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының Жедел іс-шаралар жоспарына сай, Сіздерді «IT технология және STEM оқытудың маңызы» тақырыбындағы Аймақтық ғылыми-тәжірибелік On-line конференция (әрі қарай – Конференция) жұмысына қатысуға шақырамыз.

Басталуы: 2021 жыл, 25 қараша сағат 11:00 (Нұр-Сұлтан уақытымен). Конференция жұмысы онлайн Zoom платформасында өткізіледі.

Конференцияның мақсаты: Адам қызметінің барлық салаларын цифрландыру қарқынының өсуіне және заманауи цифрлық технологиялардың дамуына байланысты зерттеу қызметтері мен практикалық форматтарда «STEM» білім берудің маңыздылығы мен өзектілігін көрсету.

Конференция жұмысының негізгі бағыттары:

1.Жаратылыстану пәндерін оқытуда STEAM технологияларын қолданудың тиімділігі;

2. STEM-оқытудың жаңа әдістемесі және әлемдік білім берудің басты тренді

3. STEM білім беруді ұйымдастырудың негізгі тәсілдері

4. Steam технологиясы-болашақ мамандығы;

Конференция жұмысына қатысушылар: Жоғары оқу орнындарының педагогтері, докторанттар, магистрлар, «Өрлеу» БАҰО» АҚФ өкілдері, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқытушылары, мектепке дейінгі, жалпы және арнайы орта білім беру ұйымдарының педагогтері және басқа қызығушылық танытқан әріптестер.

Конференцияға қатысу нысандары: онлайн (баяндама), сырттай (мақала жариялау).

Конференцияның жұмыс тілдері – казақша, орысша.

Конференцияға қатысу үшін 2021 жылдың 20 қарашасына дейін moir-atyrau@mail.ru электрондық поштаға баяндама мәтіні мен қатысуға өтінімді жіберу қажет (1-қосымша).

Ұсынылған мақалалар қойылатын талаптарға сәйкес ресімделуі тиіс. (2-қосымша).

Ұйымдастыру алқасы мақалалар мазмұнына жауап бермейді.

Конференция материалдары pdf форматында электронды жинақта жарияланып, институт сайтына орналастырылады

Қосымша 1

Өтініш парағының үлгісі

Аты – жөні (толық)

Оқу немесе жұмыс орны, лауазымы

Ғылыми дәрежесі мен атағы

Жұмыс бағыттары

Баяндама тақырыбы

Баяндама ұсыну түрі: онлайн

(баяндама), сырттай (мақала

жариялау).

Адрес, телефондары: жұмыс, үй,

ұялы,

электрондық пошта адресі (E-mail)

Қосымша 2

МАҚАЛАЛАРДЫ РӘСІМДЕУГЕ ТӨМЕНДЕГІДЕЙ ТЕХНИКАЛЫҚ ТАЛАПТАР ҚОЙЫЛАДЫ:

· Мақала мәтінінің көлемі 3 бет. Шрифт: Times New Roman (кегль 14)

· Бет параметрлері: сол жағы – 3 см., оң жағы 1,5 см., жоғары және төменнен 2 см

· Суреттер *jpg немесе gif форматта кескінделуі қажет.

· Жолдарының арасы 1 интервал, Азат жолдың басталуы 1,25 см

· Баяндама атауы майлы бояумен ортаға жазылады.

· Одан төмен автордың толық аты-жөні, қала, мекеме атауы және қызметі ортаға жазылады;

· Әдебиеттерге сілтемелер тік жақша ішінде [ ] көрсетіледі.

Ұйымдастыру алқасының мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Атырау қаласы, Авангард-4 ықшам ауданы, адмирал Лев Владимирский көшесі 24, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты.

Ұйымдастыру алқасы: Жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасы Электрондық пошта: moir-atyrau@mail.ru

Байланыс телефондары:

Тел: 8(7122) 204102

8 702 563 40 36 Г.С. Каленова

8 778 681 56 37 И.Т.Юсупова

МИНИСТЕРСТВО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

ФИЛИАЛ АО « НАЦИОНАЛЬНЫЙ ЦЕНТР ПОВЫШЕНИЯ КВАЛИФИКАЦИИ «ӨРЛЕУ»

ИНСТИТУТ ПОВЫШЕНИЯ КВАЛИФИКАЦИИ ПЕДАГОГИЧЕСКИХ РАБОТНИКОВ

Печать

Leave a Reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *