Бастауыш сынып пәндері бойынша біліктілік арттыру курсы өтуде

7 қазан күні «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты бастауыш сынып пәндері бойынша білім беру бағдарламасын жаңарту және критериалды бағалау жүйесін енгізу тұрғысынан мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту аясында қазақ тілінде оқытатын мектептердің бастауыш сынып мұғалімдерінің біліктілігін арттыру курсын бастады. Курс барысында бастауыш сынып пәндері бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасының құрылымымен, ондағы материалдардың күрделілігінің өсу ретімен, мазмұнымен және мақсаттары таныстырылып, бастауыш сынып пәндері бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасына сәйкес келетін педагогикалық тәсілдер және критериалды бағалау жүйесі, және оны қолдана білуін қамтамасыз етіледі деп күтілуде. Курсқа институт тренері Сарсекенова Айслу Багитовна жетекшілік етуде

Печать

Leave a Reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *