«Жазғы демалысты тиімді ұйымдастыру жолдары».

12 маусым күні «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамы филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты «Инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар» кафедрасының аға оқытушысы, тренер Кайрова Тамара Қуанғалиқызы «Оқушылардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру жолдары» тақырыбында панелдік дискуссия өткізді.
Дискуссия балалардың жазғы демалысы кезінде қашықтықтан шығармашылық, спорттық, көшбасшылық қабілеттерін дамыту тәсілдерін әзірлеу мақсатында ұйымдастырылды. Оқушылардың демалысын ұйымдастырудың жаңа форматы – «Атырау – Жаз-2020» қашықтықтан лагерь қызметінің жобасын іске асыру жұмыстары туралы пікір алмасты.

Печать

Leave a Reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *