ЖАС КЕЛСЕ ІСКЕ

1 қазан күні Ұстаздар күніне орай «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Атырау облыстық ұйымы» ҚБ ұйымдастыруымен «Дипломмен ауылға!» бағдарламасы бойынша еңбек етіп жүрген жас ұстаздармен «Жас келсе іске» атты кездесу өтті. Кездесуге «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының аға оқытушысы Сарсекенова Айсұлу Багитовна қатынасып, жас ұстаздарға тілегін білдірді. Бұл шараға аймақтың барлық аудандарының білім беру мекемелерінен 14 жас мұғалім мен олардың тәлімгерлері және Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің, Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінің студенттері қатысты.

Печать

Leave a Reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *