Жаңартылған бағдарлама бойынша біліктілікті арттыру курсы ауданда

11 ақпан күні «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты «Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту аясында қазақ тілінде оқытатын мектептердің бастауыш сынып мұғалімдерінің біліктілігін арттыру бағдарламасы» атты жаңартылған бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курсын Құрманғазы ауданының Б.Бегалиев атындағы орта мектеп базасында бастады.
Курс барысында мұғалімдер жаңартылған білім беру бағдарламасының құрылымын, ондағы материалдардың күрделілігінің өсу ретімен, мазмұнын және мақсаттарын біліп түсінумен қатар бастауыш сынып пәндері бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасына сәйкес педагогикалық тәсілдерді, оқу материалдарын қолдана білуге машықтанады. Сонымен қатар, курста оқу мақсаттарына қол жеткізу мақсатында критериалды бағалау жүйесін түсініп және қолдану жолдарын меңгермек.

Печать

Leave a Reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *