Инклюзивті білім беруді дамыту курсы өтуде

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы»АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты Атырау қаласындағы Ш.Уәлиханов атындағы №9 орта мектебі базасында «Инклюзивті білім беруді дамыту жағдайындағы білім беру ортасының мазмұны» тақырыбында біліктілік арттыру курсы өтуде.
Білім алушылардың ерекше оқыту қажеттіліктері мен жеке ерекшеліктерін ескере отырып, білім беруге тең қол жеткізуін қамтамасыз ететін арнайы жағдайды ұйымдастыру мен құру бойынша педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту мақсатында ұйымдастырылған курста 30 педагог біліктілік дәрістерін тыңдап, тәжірибелік сабақтар,тренингтер, пікірталас мен семинар сабақтары арқылы кәсіби біліктіліктерін шыңдауда.

Печать

Leave a Reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *