ИНСТИТУТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУДА

2020 жылдың 26-28 тамызы аралығында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы «Тәжірибе алаңы: тіл, әдістеме, нәтиже» тақырыбы аясында онлайн режімде қазақ тілін екінші тіл және шет тілі ретінде оқыту мәселелеріне арналған халықаралық әдістемелік семинар өткізді.
Семинардың мақсаты – Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында мемлекеттік тілдің қолданылу өрісін кеңейту мақсатында қазақ тілін оқыту әдістемесін жетілдіру, шетелдің тілді үйрету әдістемесімен танысу, өзара тәжірибе алмасу.
Семинарда шетелдің және еліміздің үздік ғалым-әдіскерлері мен білікті оқытушылары өз тәжірибелерімен бөлісті, инновациялық технологиялардың мүмкіндіктері арқылы оқытудың тиімділігі және халықаралық тәжірибелер негізінде қазақ тілін ана тілі және екінші шет тілі ретінде оқытудың әдістемелік жолдарын көрсетілді.
Онлайн семинарға еліміздегі облыстық Тілдерді дамыту басқармасы және Тілдерді оқыту орталықтарының басшылары, ғалымдары, әдіскерлері мен оқытушылары және қатысуға ниет білдірген тіл мамандары қатысты. Сонымен бірге «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы
Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының «Инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар» кафедрасының аға оқытушылары, жаңартылған білім беру бағдарламасының тренерлері Нұрсұлтанова Гүлжан Жаманбайқызы, Сарсенова Нұрбибі Қонысқызы және Даулетова Нұргүл Алдабергенқызы қатысты.

Печать

Leave a Reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *