Көшпелі тәжірибелік сабақ өтті

13 наурыз күні «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы»АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты мектепалды даярлық топтары мен сыныптарының тәрбиешілеріне арналған курс тыңдаушыларына мектепалды даярлықтағы тиімді педагогикалық топтың кәсіби дамуында сыни ойлауды дамыту әдістерімен арт-терапияның қолдану ерекшеліктерін дамыту мақсатында Атырау қаласы, №35 Х.Ерғалиев атындағы мектеп –гимназия базасына ұйымдастырылған көшпелі тәжірибелік сабаққа қатысты.
Шара барысында сауат ашудан «Х-дыбысы мен әріпі», жаратылыстану сабағынан «Өсімдіктер мен жануарларға қамқорлық көрсету» тақырыбында шеберлік-сынып сабақтар өткізілді.
Көшпелі тәжірибелі сабақта «Наурыз жыл басы» тақырыбында тәрбиелік шара ұйымдастырылып, тыңдаушылар үшін көрме жасақталды. Тәрбиелік шараға мектептің мектепалды даярлық педагогтері, ата-аналары, тәрбиеленушілері қатынасты.

Печать

Leave a Reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *