«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту және бастауыш білім беру мазмұнының сабақтастығын қамтамасыз ету» тақырыбында курс өтуде

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты мектепке дейінгі ұйымдардың мектепалды даярлық топтары мен сыныптарының тәрбиешілеріне, педагогтеріне арналған «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту және бастауыш білім беру мазмұнының сабақтастығын қамтамасыз ету» тақырыбында педагогика кадрларының біліктілік арттыру курсы өткізілуде.
Мектепке дейінгі тәрбиелеу және бастауыш білім беру мазмұнының сабақтастығын қамтамасыз ету бойынша мектепке дейінгі ұйымдардың мектепалды даярлық топтары мен сыныптары педагогтерінің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту мақсатында ұйымдастырылған.
Курс барысында мектепке даярлау кезінде заттық-кеңістік дамытушы ортаны және ұйымдастырылған оқу қызметін жобалаудың тәсілдерін, курстан кейінгі кезеңде үздіксіз кәсіби өзіндік дамудың траекториясын әзірлеу әдістемесін қолдану дағдыларын қалыптастыру көзделген.

Печать

Leave a Reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *