Мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілері біліктіліктерін арттыруда

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты мектепке дейінгі ұйымдарда мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың Үлгілік оқу бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері бойынша тәрбиешілердің кәсіби құзыреттілігін арттыру мақсатында «Мектепке дейінгі ұйымда білім беру процесін жобалау» тақырыбында мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілеріне арналған біліктілігін арттыру курсы өткізілуде.
Курс барысында мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтарына нормативтік құжаттар, заманауи технологиялардың әдіс-тәсілдері, баланың психологиялық даму ерекшеліктері және білім беру салаларын жүзеге асырудағы ғылыми-педагогикалық амалдар таныстырылды.

Печать

Leave a Reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *