Мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілері тәжірибелі сабақта

7 қараша күні «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты Атырау қаласы №16 «Дюймовочка» балабақша базасында мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілеріне «Салалардың кіріктіру қағидасы бойынша білім беру үдерісін жобалау. Үлгілік оқу бағдарламасының контексінде ұйымдастырылған оқу қызметін құрылымдау. «Step by step» технологиясы арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың жеке тұлғалық дамуы» тақырыптарында көшпелі тәжірибелі сабақ ұйымдастырылды.
Көшпелі тәжірибелі сабақ мектепке дейінгі жастағы балалардың жеке дамуына бағытталған білім беру үдерісін жобалау дағдыларын қалыптастыру, «Step by Step» технологиясы арқылы тұлғаның дамуына жағдай жасау, тыңдаушылардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру мақсатында өтті.
Тәжірибелі сабақ барысында салалардың кіріктіру қағидасы бойынша білім беру үдерісін жобалау, оқу бағдарламасы аясында ұйымдастырылған оқу қызметін құрылымдау, технология арқылы тұлғалық дамыту бағытындағы жұмыстармен тәжірибе алмасып, өзара ой бөлісті.

Печать

Leave a Reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *