МЕКТЕП БАСШЫЛАРЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫ ӨТТІ

19 қараша күні Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті, облыстық ішкі саясат басқармасы және «Атырау адалдық алаңы» жобалық кеңесі білім беру саласында «Парасатты мектеп басшылары» тақырыбында облыстық байқауын ұйымдастырды.
Мектеп басшыларының қоғамда парасаттылықты қалыптастыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық үлгісін одан әрі дамыту, сыбайлас жемқорлық мәдениеттілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылған байқауда аудан, қала мектептерінің басшылары өзара бақ сынасты.
3 кезеңнен тұрған облыстық байқау қатысушылары жұмыстарына қазылық ету мақсатында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы»АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының әкімшілік жұмыстар жөніндегі басқарма бастығы Қарамурзин Айтбай Қонысұлы қатысты.

Печать

Leave a Reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *