Мектеп кітапханашылары кәсіби біліктіліктерін арттыруда

7 қазан күні «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында мектеп кітапханашыларының ақпараттық-білімділік ортаны құру және қызметін жүргізуді қамтамасыз ететін кәсіби құзыреттілік деңгейін дамыту мақсатында жалпы білім беретін мектептердегі кітапханашыларына арналған «Білім беру ұйымының ақпараттық-білім беру кеңістігін қалыптастырудағы кітапхананың рөлі» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсын бастады. Курс барысында мектеп кітапханашыларының әлеуеттік ұсыныстарын кеңейту, дамыту және заманауи бағыттау, кәсіби әрекетте сандық технологияны қолдану мәселесін шешуде АКТ құзыреттілігін қалыптастыру және кітапханашылардың оқырмандардың білім алу және танымдық қажеттілігін қанағаттандыруды қамтамасыз ететін кітапхана жұмысының қазіргі моделін жасау мен жүзеге асыру дағдысының дамуына әсер ету жолдары көрсетілмек курсқа институт тренері Турганова Бибигул Калимуллиевна жетекшілік етуде.

Печать

Leave a Reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *