«Менің өлкем» облыстық сурет көрмесі

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты облыстық біліктілік арттыру институтының 70 жылдығына орай тәрбиеленушілердің шығармашылығын шыңдау, кәсіби шеберлігін жетілдіруде өзара тәжірибе алмасуына жағдай жасау, көркем шығармаларын кеңінен насихаттау және оларға қолдау көрсету мақсатында «Менің өлкем» облыстық сурет көрмесінің байқауын өткізді.
Байқауға қала, аудан мектептері мен интернаттары оқушыларының 71 шығармашылық жұмыстары келіп түсті.
Шара барысында көрмеге ұсынылған жұмыстардың сапалылығы, композициясы, шығармашылық суреттердің мазмұны, көркем безендірілуі, картинаны салуда әр түрлі техниканы қолдануы жан-жақты зерттелді.
Шара соңында байқаудың жүлдегерлеріне Дипломдар мен Алғыс хаттар табысталды.

Печать

Leave a Reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *