Мерекелік концертке қатысты

6 шілде күні Қазақстандағы байырғы театрлардың бірі — Махамбет Өтемісұлы атындағы Атырау облыстық драма театрында Атырау облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Ел астанасы- Нұр Сұлтан» астана күніне арналған мерекелік концерт ұйымдастырылып, өткізілді.
Мерекелік концертке облыстың қоғам қайраткері, еңбек ардагерлері, әр саланың қызметкерлері қатысты. «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтынан институт директоры Ғалымжанова Маржан Анесқызы бір топ қызметкерлерімен қатысты.
Мерекелік шараға қатысушыларды облыс әкімі Ноғаев Нұрлан Асқарұлы құттықтады.
Н.Жантөрин атындағы Атырау облыстық филармонияның өнерпаздары өздерінің ән, билерімен ерекше көңіл-күй сыйлап, көрермендерді тәнтті етті.

Печать

Leave a Reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *