ОБЛЫСТЫҚ АҚПАРАТТЫҚ ТОП МҰНАЙШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

11 қазан күні «Жайықмұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасына қарасты С.Балғымбаев кен алаңының мәжіліс залында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауын түсіндіру үшін келген облыстық ақпараттық топ мүшелері және аудандық мәслихат хатшысы Н.Мұқанбетқалиев мұнайшылармен кездесу өткізді. Кездесуде сөз алған аудандық мәслихат хатшысы Н.Мұқанбетқалиев облыстық ақпараттық топ жетекшісі, Атырау облыстық Қаржы басқармасының басшысы Н.Бисембиев, топ мүшесі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директоры М.Ғалымжанова Елбасы Жолдауының басым бағыттары мен алдағы міндеттерін мұнайшыларға түсіндіріп берді.

Печать

Leave a Reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *