Облыстық педагогикалық оқулар басталды

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты 10-11 желтоқсан күндері «Қазіргі заманғы теориялық және тәжірибелік дағдылар-сапалы білім берудің негізі» тақырыбындағы облыстық педагогикалық оқуларын өткізуде.
Білім беру саласы қызметкерлерінің педагогикалық шеберлігін арттыру, үздік инновациялық педагогикалық тәжірибелерді жинақтап, кеңінен тарату мақсатында ұйымдастырылған облыстық педагогикалық оқулардың алғашқы күні 8 секция атап айтқанда, «Білім беру мекемелері басшылары, тәрбие ісін ұйымдастырушылар», «Мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілері, мектепалды дайындық тобы, сыныбы тәрбиешілері», «Бастауыш (қазақ, орыс) сынып мұғалімдері» секциясы, «Қазақ тілі мен әдебиет пәндері (қазақ, орыс сыныптары)» секциясы, «Орыс тілі мен әдебиеті пәндері», «Ағылшын тілі пәні», «Тарих, құқық негіздері және география, өлке тану пәндері», «Психология, сынып жетекшілер, тәлімгерлер» секциялары жұмыс жасады.

Печать

Leave a Reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *