Сабақтарға арналған сандық білім беру ресурстарын әзірлеу.

Заманауи білім беру процесінде сандық білім беру ресурстары маңызды рөл атқарады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 12 желтоқсандағы №827 қаулысымен бекітілген «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында, Ы.Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясы дайындаған «Сандық білім беру ресурстарын оқу үрдісіне қолдану бойынша» әдістемелік ұсынымдарын басшылыққа ала отырып, педагогтер сандық білім беру ресурстарын пайдалануда.
Сандық білім беру ресурстары білім берудің бағдарламасының құралы ретінде қандай қызмет атқарады? Дәстүрлі қолданылып жүрген оқыту бағдарламаларынан бұның артықшылығы неде? деген сұрақ көптеген педагогтерді мазалап жүрген мәселелерді шешу, қашықтан оқыту жағдайында педагогтердің сандық білім беру бойынша ақпараттық құзыреттіліктерін арттыру мақсатында «Инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар» кафедрасының аға оқытушысы, магистр Балапанова Жаңыл Темірқызы «Пәндер бойынша сабақтарға арналған сандық білім беру ресурстарын әзірлеу» тақырыбында https://us04web.zoom.us/j/8727105536… сілтемесі бойынша вебинар ұйымдастырды. Вебинар жұмысына облыс мектептері мұғалімдерімен қатар, Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының аға оқытушысы, тренер Абдрахманова Анаргуль Жумабайқызы қатынасып, тәжірибелерімен бөлісті. Кері байланыстар берілді.

Печать

Leave a Reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *