Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері талқыланды

15 қараша күні «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты сыбайлас жемқорлықпен күрестің негізгі қағидаларын сақтауда, құқықтық мәдениетті дамыту мақсатында «Сыбайлас жемқорлықпен күрес-ортақ парызымыз» тақырыбында облыстық семинарын ұйымдастырды.
Семинар жұмысына аудандық білім беру бөлімінің меңгерушілері, мектеп директорлары, балабақша меңгерушілері қатынасты.
Семинар жұмысы Шараға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департамент басшысы– Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Жұмағұлов Тоқтамыс Қадошұлы қатысып, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының басым бағыттары» тақырыбында сөз сөйлейді.
Семинар жұмысына қатысушылар «Мақсатымыз– жемқорлыққа тосқауыл қою»,«Адалдық жүрген жерде адамдық жүреді», «Балалық әлемінде жемқорлыққа жол жоқ», «Сыбайлас жемқорлықпен күрес – ортақ іс» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес–басты міндет» тақырыптарында өз ойларын ортаға салды.

Печать

Leave a Reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *