Сіздерді аталған конкурсқа қатысуға шақырамыз!

Қайырлы күн, құрметті әріптестер!
Мектепке дейінгі, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары үшін бейнесабақтар мен бейнедәрістердің «Педагогикалық идеялар панорамасы» конкурсына өтінімдер мен бейнематериалдар қабылдау жалғасуда.
Білім беру ұйымдарының педагогтері 22 аталым бойынша конкурсқа қатыса алады.Конкурсқа педагогтер жеке дара, сондай-ақ шығармашылық ұйымдар арқылы қатысуға құқылы.
Конкурсқа қатысушылар беретін бейнематериалдар саны шектелмейді. Әрбір бейнематериалға Конкурсқа қатысу өтінімін толтыру қажет.
Конкурсқа қатысуға бұрын жарияланбаған, басқа конкурстарға қатыспаған, интернет желісіне орналастырылмаған бейнематериалдар жіберіледі.
Бұл конкурс – ұстаздар үшін үлкен мүмкіндік, ендеше мүмкіндікті жіберіп алмаңыздар!!!
Құрметті педагогтер, сіздерді аталған конкурсқа қатысуға шақырамыз!

Печать

Leave a Reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *