«Таза тамыз» жобалық акциясымен таныстырылды.

9 тамыз күні «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты базасында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Атырау облысы бойынша департаменті «Атырау-Адалдық алаңы» жобалық кеңсесімен бірлескен аймақтық жобасының насихаттау тобының мүшелерімен кездесу өтті.
Шара институт директоры Ғалымжанова Маржан Әнесқызының алғы сөзімен басталды.
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Атырау облысы бойынша департаментінің басқарма басшысы Қаражанов Жәнібек Жұмабайұлы және «Атырау-Адалдық алаңы» жобалық кеңесінің білім саласына жауапты маманы Тулешова Ания Акановна «Таза тамыз» жобалық акция аясында «Атырау-Адалдық алаңы» аймақтық жобасын насихаттау және ақпараттандыру жұмысын таныстырды.

Печать

Leave a Reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *