«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы – озық білім мен құзіреттіліктің бастамасы

15 мамыр күні «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты біріңғай ақпараттық-білім кеңістігінде педагогтардың ақпараттық-коммуникациялық және технологиялық құзыреттіліктерін арттыру мақсатында ««Цифрлық Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында білім беру мекемелерінде педагогтардың ақпараттық-коммуникациялық құзырлығын қалыптастыру, дамыту» тақырыбында Құрманғазы ауданы Абай орта мектебінде оқыту семинарын өткізді.
Семинар барысында цифрлы құрылғыларды қолдану, сандық білім беру ресурстарын құруда педагогтардың ақпараттық құзыреттілігін арттыру, «Педагогикалық идеялар панорамасы» білім беру ұйымдарына арналған бейне-сабақтар мен бейне-дәрістер конкурсының бейнематериалдарын дайындау және білім беруде 3D — принтинг технологиясын қолдануда педагогтардың кәсіби шеберлігін жетілдіру жолдары айтылды.

Печать

Leave a Reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *