Қашықтан оқу- біліктілікті арттырудың кәсіби кепілі

Бүгінгі педагогтің шығармашылығы оның виртуалды аудитория¬да оқытуды ұйымдастыру ше¬берлігінен көрінетін бола¬ды. Бұл жұмыстар педагогтердің ақпараттық сауат¬тылық бойынша таным көк¬жиегін кеңейтеді. Ақпараттық сауаттылық пен тәжірибе – жан-жақты дайындықты қажет ететін күрделі үдеріс. Дәл бүгін¬гідей цифрлы төң¬керіс заманында оның мүм¬кін¬діктері шексіз. «Үй¬ренгені бардың үйретері бар» демек¬ші, «Өрлеу» БАҰО» АҚ -ның қашықтан оқыту платформасындағы «Қашықтан оқыту: сабақты әзірлеуден бастап білім беру процесін ұйымдастыруға дейін» тақырыбы бойынша қашықтан оқыту курсы педагогтер үшін тиімді, қолжетімді. Осы біліктілік арттыру курсынан «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының «Инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар» кафедрасының аға оқытушысы, магистр Балапанова Жаңыл Темірқызы 3 модуль бойынша (Модуль 1. Білім беруді цифрландырудың нормативтік -құқықтық және психологиялық -педагогикалық негіздері, Модуль 2. Қашықтан сабақты жобалау, Модуль 3. Қашықтан оқытудың платформалары) біліктілігін арттырып, сертификатқа ие болды.

Печать

Leave a Reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *