ҚҰРМЕТТІ ПЕДАГОГТЕР!

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының «Білім беру процесін психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу» кафедрасының аға оқытушысы, педагогика-психология ғылымдарының магистрі Қонқаева Орынгул Батырғалиқызы «Мектепте қауіпсіз білім беру ортасын қамтамасыз ету және жасөспірімдер арасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу» тақырыбында кейс дайындады.
Кейсте мектепте қауіпсіз білім беру ортасын қамтамасыз ету үшін жасөспірімдерді зорлық-зомбылықтан алдын алу, қауіп-қатерді болдырмау, қауіпті сәттерден сақтануына қатысты іс-тәжірибелер жинақталған.
Қазіргі жасөспірімдер арасындағы зорлық-зомбылық жағдаяттары көптеп кездеседі. Осы жағдаяттардан шығудың және мектепте қауіпсіз білім беру ортасын құру мақсатында алдын-алудың негізгі теориялық және тәжірибелік бағыттары қамтылған. Теориялық бөлімде зорлық-зомбылықтың әр түрлі түрлерімен салдарына нақты түсініктемелерді берілсе, тәжірибелік бөлімінде жасөспірімдер арасында кездесетін зорлық–зомбылықтың жағдаяттарынан шығудың псиодиагностикалық, психокоррекциялық, психопрофилактикалық әдіс-тәсілдермен іс-шаралар жүйесін ұсынған. Кейс мазмұнында балалардың жас ерекшелігіне орай бейімделуін анықтайтын бақылау әдістерімен келеңсіз жәйттерді болдырмау, алдын-алу мақсатында оқушылармен, ата-аналар және мұғалімдермен психологиялық бағыттағы жұмыстар толықтырылып, басқарушы шешімдер ұсынылған.
Жалпы білім беретін мектептің педагог-психологтарға, әлеуметтік педагогтерге арналған кейсті Orleu-atr.kz.сайтынан таба аласыздар.

Печать

Leave a Reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *