Ұстаздар ұлықталды

Ұстаздар мерекесі қарсаңында Атырау облысы педагогтары арасында кәсіби міндетін адал атқаруымен дараланып шыққан жас ұстаздардың шығармашылығын кеңінен насихаттау, жас ұстаздардың мәртебесін көтеру, шығармашылықпен жұмыс жасайтын, рухани-адамгершілік мәдениетті игерген, жан-жақты дамыған, озық идеялы, жоғары интеллектуалды деңгейдегі жастарды анықтау мақсатында «Мамандығым – мақтанышым» атты үздік шығармалар байқауы ұйымдастырылды.
Байқау қорытындысы «Қазақстандық салалық білім мен ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Атырау облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен 2018 жылдың 3 қазан күні өткізілген «Мәңгілік елдің жастары – жарқын болашаққа!» атты облыстық жас ұстаздар слётінде жарияланды.
Осынау айтулы байқауға «Өрлеу»БАҰО» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының аға оқытушысы, ҚР орта білім мазмұнын жаңарту аясында қазақ тілі мұғалімдерінің біліктілігін арттыру бағдарламасының тренері Нұрсұлтанова Гүлжан Жаманбайқызы институтымыздың жас маманы, аға оқытушы Аязбаева Назерке Ғалымжанқызы туралы «Мамандығы – мақтанышы» атты шығармасымен қатысып, жүлделі ІІІ орынға ие болды.
Әріптесімізді жеңісімен құттықтай отырып, алдағы уақытта да мықты денсаулық, отбасына амандық және шығармашылық табыстар тілейміз.

Печать

Leave a Reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *