Әдістемелік жобалар: мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында

17 мамыр күні «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында әдістемелік жұмыстар мен инновациялық бағыттағы жобаларды жүзеге асыру, педагогтердің кәсіби шеберлігін көтеру, білім мазмұнын жаңарту және сапасын арттыру мақсатында «Әдістемелік жобалар–мектепке дейінгі білім берудегі инновациялық үдерістерді белсендіру және қамтамасыз етудің кілттік бөлігі» тақырыбындағы облыстық семинар ұйымдастырды.
Қалалық, аудандық мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының әдіскерлері, тәрбиеші педагогтары және институт қызметкерлері қатысқан облыстық семинар жұмысы институт директоры Галимжанова Маржан Анесқызының алғысөзімен басталды.
Семинар жұмысы «Әдістемелік жобалар—мектепке дейінгі білім беруде инновациялық үдеріс қосымша және белсенді бөлігі» және «Мектепке дейінгі білім беру жүйесінде инновациялық технологиялармен әдіс-тәсілдерді қолдану тиімділігі» бағыттары бойынша жүргізілді.
Шара аясында Бизиборд немесе ғажайып тақтайшаның балаға әсері, интеллект-карта арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық іс-әрекетін қалыптастыру жолдары және мектепке дейінгі білім берудің тиімді технологиясы — Лэпбук туралы өзара пікір алмасып, тәжірибелерін ортаға салды.
Семинар соңында ұсыныстар қабылданып, қатысушыларға Алғыс хаттар табысталды.

Печать

Leave a Reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *