«On-line режиміндегі біліктілік арттыру курсы жалғасуда».

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты «Мектепте қауіпсіз білім беру ортасын қамтамасыз ету және зорлық-зомбылықты болдырмау, жасөспірімдер арасында өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын алу» тақырыбындағы on-line режиміндегі біліктілік арттыру курсын жалғастыруда.
Курс жетекшісі, институттың «Білім беру процесін психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу» кафедрасының аға оқытушысы Қонқаева Орынгүл Батырғалиқызы қазақ және орыс тілдерінде оқытатын орта білім беру ұйымдарының педагог-психологтеріне және әлеуметтік педагогтеріне арналған on-line курста «Оқушылардың бойында қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастырудағы сыни ойлау технологиясының рөлі» тақырыбында вебинар форматында сабақ өткізді.
Сабақ барысында Сыни ойлау түсінігі, оқушыларды қауіпсіз – мінез құлық дағдыларына үйретуде сыни – ойлауды дамыту технологиясының орны мен рөлі. Оқушылардың қауіпсіз өмір сүру дағдысы мен іскерлігін қалыптастыру, сонымен қатар технологияның әдістерін қолдану бойынша түсіндіріліп тыңдаушылармен бірге әдістер жүргізілді. Вебинарда оқушылардың бойында қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастырудағы сыни ойлау технологиясы туралы білімдерін толықтып, пікір алмасып, өз ойларын ортаға салып талқылады.

Печать

Leave a Reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *