Мектеп логопедтері мен дефектологтары кәсіби шыңдалуда

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты «Сөйлеу тілінің бұзылыстарын түзете-дамыту және алдын алу жұмыстарының мазмұны» тақырыбында біліктілікті арттыру курсын өткізуде.
Білім алушылардың ерекше оқыту қажеттіліктері мен сөйлеу тілінің жеке ерекшеліктерін ескере отырып, білім беруге тең қол жеткізуін қамтамасыз ететін арнайы жағдайды ұйымдастыру мен құру бойынша педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту мақсатында ұйымдастырылған курсқа жалпы және арнайы білім беретін мектептердің мұғалім-логопедтері мен дефектологтар қатысуда.
Курс барысында тыңдаушылар арнайы және инклюзивті білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын, жалпы білім беретін мектептердің инклюзивті білім беруді реттейтін нормативтік-құқықтық құжаттарын, арнайы білім берудегі қағидаттар мен негізгі ұғымдарды, ерекше білім беру қажеттіліктері мен жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, барлық білім алушылардың білім алуға тең қол жеткізуін қамтамасыз ететін арнайы жағдайларды жасау бойынша логопедтік түзету жұмыстарының мазмұны мен жоспарлау ерекшелігін, оқушылардың сөйлеу тілінің бұзылымдарын түзетуге қойылатын талаптармен танысады.

Печать

Leave a Reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *