ОБЛЫСТЫҚ «МЕН ӨЗ ӨЛКЕМДІ ЗЕРТТЕЙМІН» БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында жоспарға сай, жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша бастауыш және жалпы білім беретін пән мұғалімдері арасында «Мен өз өлкемді зерттеймін» тақырыбында сырттай байқау өткізіп, қорытындылады.
Өлкетану жұмысының тәжірибесімен бөлісу өз ауылы, ауданы мен қаласын зерттеу және сол бағыттағы жұмысын көрсету, өлкетану зерттеулер мен практикалық жұмыстың даму деңгейін арттыру, насихаттау және оған қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылған облыстық сырттай байқауға 55 жұмыс қатысты.
Қазылар алқасының шешіміне сай өлкетану зерттеулер мен практикалық жұмыстарының даму деңгейі айқын, нақты, жоғары деп танылған мұғалімдер жұмысы марапатталды. Атап айтсақ, жүлделі І орынды Индер ауданының М.Мөңкеұлы атындағы орта мектептің мұғалімі Керешев Сағымбай Керешович иеленсе, байқаудың жүлделі ІІ орынын Атырау қалалық мектеп лицейінің мұғалімі Рамазан Асланбек Теміржанұлы және Құрманғазы ауданының З.Серікқалиұлы атындағы мектеп-интернатының мұғалімі
Шарапеденов Рахметулла Нигимович өзара бөлісті.
Байқауға қатысқан Атырау қаласының Ы.Алтынсарин атындағы орта мектептің мұғалімі
Аталықова Райхан Меңдіғалиқызы, Атырау қаласы Еркінқала орта мектебінің мұғалімі Шингалиева Света Камызагалиевна және Құрманғазы ауданы Н.С.Манаев атындағы жалпы орта мектебінің мұғалімі Хилауова Армангуль Амангелдиевна жүлделі ІІІ орын иегерлері атанды.
Байқаудың Алғыс хатымен Индер ауданы Махамбет атындағы орта мектебі тарих пәні мұғалімі Азирбаев Манас Берикқалиевич, Атырау қаласы М.Өтемісов атындағы орта мектептің мұғалімі Канатова Тыныштык Сатыбалдина, Жылыой ауданы № 2 жалпы білім беретін орта мектебінің мұғалімі Тлепбергенова Айгерим Асетовна және Қызылқоға ауданы Тасшағыл орта мектебінің мұғалімі Сағынбаева Гүлмира Мұратқызы марапатталды.

Печать

Leave a Reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *