Педагогтардың біліктілігін арттыру институты 70 жылдығы атап өтті

5 желтоқсан күні «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы»АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты облыстық біліктілігін арттыру институтының 70 жылдық мерейтойына арналған «Біліктілікті арттыру – кәсібилікке шыңдайды» атты салтанатты жиын өткізді.
Салтанатты шараға Атырау облысы әкімінің орынбасары Сайлауова Нұрсәуле Сайлауқызы, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының өкілі, Алматы облысы бойынша ПҚБА инстиутының директоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Кеңесбаев Серік Мұхтарұлы, Нұр Отан облыстық партиясы Атырау облыстық филиалы төрағасының орынбасары Қарабаев Бақберген Қасымұлы және облыс әкімдігінің басқарма басшылары, аудан әкімі орынбасарлары, Жоғары оқу орындарының басшылары, Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Атырау облыстық ұйымы қоғамдық бірлестігі төрағасы және қалалық, аудандық білім бөлімі басшылары, облыстың ұстаздары, мектеп және балабақша директорлары, институттың ардагерлері және оқушылар қатынасты.
Шарада барысында институт тарихын бейнелейтін бейнефильм көрсетілді. Ардагер ұстаздар өз естеліктерімен бөлісті. Мерекелік шарада ұстаздармен оқушыларға марапаттар табысталды.

Печать

Leave a Reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *