Педагог пікірі

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты жоспарына сай 1 шілде күні «Жаңартылған бағдарлама: тиімді тәжірибе және белсенді әдістеме» тақырыбында шебер сынып өткізді.
Мұғалімдердің жаңартылған білім беру бағдарламасының идеясына көзқарастарын, рефлексивті ойлау, оқыту үдерісін жоспарлауда және оның болашақ педагогикалық тәжірибе мен дағдыларды жетілдіруге ықпал ету мақсатында ұйымдастырылған шебер сыныпты институттың «Білім беру процесін психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу» кафедрасының аға оқытушысы, жаңартылған білім беру бағдарламасының тренері Сарсекенова Айслу Багитовна жүргізді.
Шебер сынып жұмысына қатысқан облыс педагогтерінің пікірлерін назарларыңызға ұсынамыз.

Сағындықова Жанна
Атырау облысы Махамбет ауданы
О.Шонаев атындағы орта мектеп мұғалімі

Бүгінгі шебер сынып тақырыбы өте тамаша болды.Сізден көптеген мағлұматтар алдым. Қоржыным тағы да «Дұрыс-бұрыс», «Кейіпкерлер келбеті» т.б әдістермен толды. Осы үшін сізге көп-көп рахмет айтамын. Бізге бағыт-бағдар беріп, өз жұмысымызды қалай дұрыс орындау керек екенін үйретіп, түрлі әдіс-тәсілдер арқылы оқушы мен ата-ананың және жалпы ұжымның жүректеріне жақын болуды дәріптегеніңіз үшін алғысым шексіз. Деніңізге саулық, отбасыңызға амандық, жұмысыңызға шығырмашылық табыс тілеймін.

Шандолова Мейрамгүл
Атырау облысы Құрманғазы ауданы
Н.С.Манаев атындағы жалпы орта мектебі мұғалімі

Біліктілікті арттыру оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін енгізу арқылы Қазақстанның ұлттық білім беру жүйесіне арналған жаңа білім беру болып табылады. Жаңа білім беруде шеберлік сынып өткізуші, тренер Айсұлу Багитқызы қашықтықтықтан өткізген білім мазмұнының жаңаруымен қатар, оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыру өз тәжірибесінде сынап көруге және оны ой елегінен өткізіп, рефлексия жасауға, сондай-ақ оқушыларға барынша қолдау көрсетуге бағытталған жаттығулар мен тапсырмаларды қолдана білу, түрлі бағдарламалар арқылы сабақтың мазмұнын талдап, оқушылардың танымдық қызығушылығын дамытып, олардың білімі мен дағдыларының дәрежесі ғана емес,баланың маңызды психикалық қызметтерін, ақыл- ой жұмысының тәсілдері қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқу процесін жолға қою керектігін жеткізді. Интербелсенді оқытуды ұйымдастыру, балаға ақыл- ой әрекетін меңгеруге жағдай жасау,сабақтағы еркше ахуал, мұғалім мен оқушы арасындағы ерекше қарым – қатынас жөнінде түсінік берді.
Шеберлік сынып -шеберлікті шыңдайды демекші, осындай үлкен еңбек нәтижелі жұмыстарға жетелейтіні сөзсіз. Үлгі аларлық үздік жұмысыңызға табыс тілеймін Айсұлу Багитқызы.

#Атырау2020 #БіліктіліктіАрттыруҰлттықОрталығы #АтырауӨрлеуИнститут #АтырауЖаңалықтар #АтырауОnline #БізБіргеміз #АтырауҚашықтықтанОnline #АтырауОnlineШеберСынып

Печать

Leave a Reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *